Дауыстық файл қосу
Дауыстық файлдар — клиент сізге хабарласқанда еститін дауыстық аудиожазбалар.
Дауыстық файлды қалай қосамын?
- Аудиофайлдар түймесін басыңыз.
- Дауыстық файлдар бөліміне өтіңіз.
- Дауыстық файл қосу түймесін басыңыз.

- Дауыстық файл үшін атау ойлап тауып, енгізіңіз.

- Дауыстық файлды сүйреп апарыңыз немесе жүктеу аймағын басыңыз.

Назар аударыңыз! Дауыстық файл mp3 немесе pcm форматында болуы керек. Файл өлшемі 20 МБ-тан аспауы тиіс.
- Сондай-ақ дауыстық файлды өзіңіз жазуға мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін Дауыстық файл жазу түймесін басыңыз.

- Жазуды бастау үшін қызыл түймені басыңыз.

- Жазуды тоқтату үшін түймені қайта басыңыз.

- Жазудан кейін дауыстық файлды тыңдауға және қайта жазуға мүмкіндігіңіз бар.

- Сақтау түймесін басыңыз.
